Жаңалықтар

Желтоқсан айында тәрбиеленушілердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында әңгімелеу. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты іс-шара өтті.

Облыстық жасөспірімдер үйінде «Ризашылық» күні аталып өтті. Дәстүрлі түрде аталып өтілетін шараның негізгі мақсаты тәрбиеленушілерге қуанышты отбасылық мереке сыйлау. Бір-бірін жүрек жылуымен бөлейтін мереке біздің елдің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 2009 жылдан бері аталып келеді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиешісі А.Медееваның «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты тәрбиеленушіліерге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізге сіңірген еңбегі, жүріп өткен дара жолы, отбасы туралы кеңінен мәлімет беру болатын. Алға қойған мақсатқа жетіп, тәрбиеленушілер Елбасы туралы білімдерінің жетік екендігін көрсетті.

Төрағалық еткен: Сейдахмет Нұрлыбек Ержігітұлы - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры.


Қатысқандар: кеңес мүшелері – Т. Сабитова «Мирэкл» жетім балалар мен балалар үйлері түлектерін әлеуметтік бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, М.Арын - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баланың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы, Қ. Байжанов - Ауыл» ХДПП Тараз қалалық филиалының төрағасы, А.Исаева - Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Б. Джайнаков - Тараз қ. ІІБ 1ПБ ЖПҚ КТІЖ инспекторы полиция майоры.

Тәрбиеленушілерге жаңа жылдық позитивті көңіл-күй сыйлау, тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Екі жұлдыз» конкурсы яғни, тәрбиеші мен тәрбиеленушілерден құралған топтар сайысы ұйымдастырылып, қорытынды нәтижелері бойынша демеушілер тарапынан берілген сый-сияпаттар (2-теледидар, 1-қысқа толқынды пеш) табыс етілді.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсанында өткен «Біз тәуелсіз елдің балаларымыз» атты қайырымдылық концертте өтті. Біздің тәрбиеленушілеріміз Төлекова Несібелімен Шамилев Амир « Біз болашақ отбасымыз» атты әнін орындап, Баймаханбет Назым проза оқып көрермендердің ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылыар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Тәрбиеленушілердің жазғы демалыс уақытын ұйымдастыру мақсатында, «Облыстық жас өспірімдер үйінің» тәрбиеленушілері