Төрағалық еткен: Сейдахмет Нұрлыбек Ержігітұлы - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры.
Қатысқандар: кеңес мүшелері – Т. Сабитова «Мирэкл» жетім балалар мен балалар үйлері түлектерін әлеуметтік бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, М.Арын - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баланың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы, Қ. Байжанов - Ауыл» ХДПП Тараз қалалық филиалының төрағасы, А.Исаева - Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Б. Джайнаков - Тараз қ. ІІБ 1ПБ ЖПҚ КТІЖ инспекторы полиция майоры.
Қамқоршылық кеңесте директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Бекеев атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді. Кеңесте Облыстық жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің өмірін жақсарту мақсатында біршама сұрақтар көтерілді.