Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ туралы

АҚПАРАТ

 

03.02.2020 ж.

 

Облыстық жасөспірімдер үйі (әрі қарай - мекеме) облыс әкімдігінің 4.07.2001 жылғы№10 қаулысына сәйкес құрылған. Мекеме Тараз қаласы, Лазарев көшесі №2мекен-жайында орналасқан 1972 жылы салынған, жалпы аумағы 1345 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты ғимаратта орналасқан (15.08.2018 ж. дейін 1 қаб. 1.3 бөлігі мен 2 қабатындағы 888,5шм қамтыса, қалған 457шм №5 емхананың дәрігерлік амбулаториясында болған). Жер көлемі 0,3538 га. құрайды.

 

Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінде бүгінде 16-23 жас аралығындағы 87 тәрбиеленуші тіркелсе, нақты тұрып жатқандардың саны  36-ы құрайды. Мекемеде тұрмайтын 41 тәрбиеленушінің 17-Алматы қаласындағы, 5–Нұр-Сұлтан қаласындағы, 2-Қаратау қаласында, 10-Тараз қаласындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының білімгерлері қатарында болып, сол білім ордаларының жатақханаларында уақытша тіркеуде тұрғандар болса, 1-іздеуде, 5-әскери борышын өтеуде. Тіркелген 87 жасөспірімнің 32-жетім болса, 55-і ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. 34-қазақ, 41-орыс, 12-басқа ұлт өкілдері.

 

Білімгер болып табылатын 60 тәрбиеленушінің 8-жоғарғы, 52-орта арнаулы оқу орындарында білім алуда. Оның ішінде, 44-мемлекет есебінен, 10-ақылы білім алуда. Олардың 6-ң оқу ақылары мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (ГОНС) (Ш.Баймаханбет, А.Кудинкин,, С.Чеславлева, З.Молдабаева, А.Молдабаева, Д.Талипов) арқылы төленіп жатса, - оқу орнынан 100% жеңілдікпен білім алуда (А.Лавренцова, Т.Нещеретнева, Б.Алипбаев, С.Новосельцева, Н.Төлекова, Л.Литвинова). 1 тәрбиеленуші кешкі мектеп оқушылары болып табылады (Ильинская А.).

 

Жалпы тіркелген тәрбиеленушілердің 36 - мемлекет тарапынан жәрдем ақы алуда. Оның ішінде, 36 - асыраушысынан айрылуына, 2 - денсаулығына  байланысты. Жасы кәмелетке толмаған 25 (Дорохов А., Турсунова Н., Молдабаева А,Кадырова М, Мирчук М, Выгузова  А,Борщевский А,Үмбетова Ж,Мухидинов А, Котурбаева В, Варзина А, Аверина А, Шабаровский И, Бакеева Л, Земницкая И, Мирчук А, Дорохова А, Койчубаева Г, Алиакбаров Н, Молдабаева З, Овчинникова А, Каст А, Мясоедов А, Доможиров Н, Джумагазиева Т). тәрбиеленушілердің ата-аналарынан нәпаха өндіру жұмыстары жүргізілуде. Оның: 9 ер, 16 қыз.

 

Жалпы жасы кәмелетке толмағандар 25 болса, оның ішінде 8- нақты тұрып жатқандардың қатарында. 2 ер бала, 6 қыз балалар.

 

2019 жылы мекемеге 38 жасөспірім келіп, 23 тәрбиеленуші мекеме тізімінен шыққан (Келгендердің 38-і ОББ-ның жолдамасымен келгендер. Кеткен 23 жасөспірімнің 5 23 жасқа толуына, 15 өз еркімен (3-і отбасын құруына байланысты), 2-і патронаттық тәрбиеге берілуіне, 1-і мемлекеттік қордан пәтер алуына байланысты).

 

Мекеме тізіміне енген тәрбиеленушілердің 80-і тұрғын үй кезегіне қойылған, қазіргі таңда мемлекеттік қордан тұрғын үймен қамтылған жасы кәмелетке толмаған мекеме тәрбиеленушісі Б.Серикбайұлы,  мекеме тәрбиеленушісі – С.Алимбетов тұрғын үйге үлесінің бар болғанына байланысты заңға сәйкес кезекке қою мүмкіндігі болмауда, тұрғын үй кезегіне қойылмаған жасы кәмелетке толмаған мекеме тәрбиеленушілері А.Аверинаның статусы анықталуда, И.Земницкая және  А.Варзина .

 

Оқуын аяқтап, мамандық алған 6-тәрбиеленуші  Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында  жұмыста,1-і Атырау қаласында вахталық жұмыста,  жұмыссыз жасөспірімнің 3-і денсаулықтарына байланысты жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту бағытындағы Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығымен тиісті  шаралар үнемі атқарылуда.

 

Бүгінде барлық білімгерлердің оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылып, тәрбиеленушілердің үлгерімдері мен тәртіптері қатаң бақылауға алынып, үнемі мәлімет алмасу процесі жолға қойылған.  

 

Қазіргі таңда сиымдылық қуаты 50 тәрбиеленушіге арналған мекеме ғимараты 15 жатын бөлмеден, кіші спорт залы, акт залы, кітапхана (3000 жуық кітап), асхана, дәрігерлік, еңбекке баулу, қойма және киім жуу бөлмесі мен басқару персоналына арналған 6 бөлмеден тұрады.

 

Ғимарат салынғалы күрделі жөндеуден өтпеген. Тек, 2006 жылы терезелері мен жылу жүйесі, 2015 жылы шатыры ауыстырылған. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда мекеме ауласы, ғимарат сырты мен ішінің тозығы жетіп, жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қажет етуде.

 

Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бұған дейін Тараз қалалық 5 емханаға тиесілі болып келген ғимараттың бірінші қабаты мекеме меншігіне өтіп (жалпы аумағы 1 345.5 шаршы метр, оның ішінде 457 шаршы метрі емханаға тиесілі болған), мекеме тарапынан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу мен аумақты абаттандыру бойынша сейсмоқорытынды, ақаулық актісі және жобалық зерделеу жұмыстарының (проектно изыскательские работы) құжаттары әзірленіп, жобалық-сметалық құжат дайындауға 3,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда конкурс жариялауға құжаттар әзірленуде.

 

Ғимаратты толық пайдалану барысында мекеменің сиымдылық қуатын 80 тәрбиеленушіге көтеру мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаға сәйкес, мекеме ғимаратының 2-қабатын толықтай жатын бөлмелер жасау қарастырылып жатса, 1-қабатында әкімшілік және шаруашылық бөлмелері мен тәрбиеленушілерді қолөнерге баулу мақсатында ағаш шеберханасы мен компьютерлік кабинет орналастырылды.

 

Сондай-ақ, қазіргі таңдағы тәрбиеленушілердің үздіксіз көтеріп жүрген мәселесінің бірі – ол ауладағы кіші футбол алаңының жағдайы. Өткен жылы бұл мәселені шешу мақсатында бірқатар шаралар қабылданып, нәтижесінде кіші футбол алаңы қалыпқа келтірілді.

 

2019 жылғы қаржыландыру жоспарына сәйкес, мекеменің бюджеті  71,799 млн. теңгені құраса (2018 жылы – 76.7 млн.), оның 36.5 (2,5 млн. РБ) теңгесі еңбекақыға (2019 жылы – 33,1 млн.), өтемақы, салық, әлеуметтік және міндетті/медициналық сақтандыруға 5,2 млн., азық-түлік өнімдеріне 15,114 млн., дәрі-дәрмекке 500 мың, жанар-жағар майға 600 мың, өзге де қорларға 214,0млн. (кеңсе тауарлары, жуу заттары, құрылыс материалдры, ыдыс-аяқ пен жұмсақ тауар), коммуналдық қызметтерге 4,2 млн., өзге де қызмет көрсетулер мен ағымды шығындарға 3,5 млн. теңге қаржы бөлінген.

 

Мекемеде штаттық кестеге сәйкес 38,5 (2018 жылы 40,5 бірлік) бірлік қамтылған. Бүгінде тізімге сәйкес 32 қызметкер болса, оның әкімшілік құрамы - 10 (дәрігер 0,5), педагогтар - 11 (3-жоғары, 3-бірінші, 1-екінші категориялы), техникалық персонал - 9 қызметкер жұмыс атқаруда (12 қызметкерге қосымша 0,5 бірліктен берілген).

 

Тәрбиеленушілердің жатын бөлмелері 3-4 жатын төсектерімен, киім салатын шкафтар, теледидар және тоңазытқыш, қысқа толқынды пештермен қамтамасыз етілген.

 

Өткен жылы үнемделген қаржыға ер балалардың жатын бөлмелеріндегі әбден ескірген киім шкафтары түгелдей ауыстырылып, тозығы жеткен төсектердің матрацтары мен асхана жиһаздарының бірқатары жаңартылды.

 

Сонымен қатар, мекеменің педагог-психологы мен әлеуметтік ұстаз кабинеттеріне жаңа жиһаздар қойылып, педагог-психологқа жаңа компюьтер комплектісі алынды.

 

Тәрбиеленушілердің тамақтануына келсек, оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу шарттарын негізге ала отырып, азық-түліктер заңға сәйкес нормамен таратылып, олардың өздігінен ас дайындауға тәрбиешілер тарапынан сілтемелік бағыттар көрсетілуде. 

 

Жасөспірімдердің психологиялық ахуалын жақсарту, оны әрі қарай дамыту мақсатында түрлі бағыттардағы топтық және жеке дара психологиялық жұмыстар жүргізілуде.

 

Атап айтқанда, олардың депрессивтік күйі мен өзіндік бағалауын анықтау мақсатында тесттер алынып, тәрбиеленушілердің агрессивтілігін төмендетіп, өзіндік бағалау деңгейін көтеріп, отбасылық өмірге құлшынысын арттыру бағытындағы шаралар қолға алынған.

 

Болашақта жасөспірімдердің психологиялық ахуалдарын жақсарту мақсатында мекеме қабырғасында құм терапиясы, арттерапия, музыкатерапия релаксация жұмыстары жүргізу үшін психологиялық қолдау кабинетін ашуды жоспарлаудамыз.

 

Діни-құқықтық  сауаттылығын арттыру мақсатында сауалнамалар алынып, проблемалық жағдайларының шешілу жолдарын іздеу жұмыстары да жүргізілуде.

 

Барлық іс-шаралар бекітілген мекеменің жұмыс жоспары мен педагогтардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес өткізіліп отырады. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының күнтізбесіндегі атаулы күндерге орай ұйымдастырылған шаралар жоғары деңгейде өткізілуде.

 

2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланып, онда перспективалық қол жеткізілуі тиіс негізгі мәселелер жастардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы, өмір сүру сапасының артуы, жұмыссыздық көрсеткіші деңгейінің төмендеуі, салауатты өмір салтының дамуы көзделген. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында мекемені 2019-2021 жылдары дамытудың стратегиялық жоспарын негізге ала отырып келесі мәселелерді шешу көзделуде.  

 

Атап айтқанда, мекеме ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, кіші футбол алаңын салу, ауланы көгалдандыру және көгеріштендіру мақсатында суармалы су ұңғымасының шығару, тәрбиеленушілерді автомектепте көлік жүргізу курстарына оқыту арқылы көлік жүргізу куәлігімен қамтамасыз ету, компъютерлік кабинеттің ашылуы, мекемеге тиесілі 3,0 га. ауылшаруашылық жерін мақсатты игеру, жасөспірімдерді түрлі әлеуметтік маңызды жобаларға тарту және т.б. жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Сиымдылық қуаты 50 тәрбиеленушіге арналған ғимарат 15 жатын бөлмеден, кіші спорт залы, акт залы, кітапхана (3500 жуық кітап), асхана, дәрігерлік, еңбекке баулу,қойма және киім жуу бөлмесі мен басқару персоналына арналған 5 бөлмеден тұрады.

 

Ғимарат салынғалы күрделі жөндеуден өтпеген. Тек, 2006 жылы терезелері мен жылу жүйесі, 2015 жылы шатыры ауыстырылған. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген. Қазіргі таңда мекеме ауласы, ғимарат сырты мен ішінің тозығы жетіп, жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қажет етуде.

 

Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мекеме тарапынан ғимаратты жөндеуден өткізу мен аумақты абаттандыру бойынша сейсмоқорытынды, ақаулық актісі және жобалық зерделеу жұмыстарының (проектно изыскательские работы) құжаттары әзірленіп, («НС-геостройпрект» ЖШС) жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық білім басқармасына өтінім берілді.

 

Ғимаратты толық пайдалану барысында мекеменің сиымдылық қуатын жобамен 80 тәрбиеленушіге көтеру мүмкіндігі қарастырылуда.

 

Мекеменің жұмысы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 16-23 жас аралығындағы жасөспірімдерді тұрғын-жай және азық-түлікпен қамтамасыз етіп, олардың қоғамда тұлға болып қалыптасуларына бейімдеу болып табылады.

 

Бұл бағыттағы жұмыстар мекеме қызметкерлері тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуда.

 

15.09.2018 жылға мекемеде тіркеуде(прописка)жобамен 250 астам адам тұр.