Желтоқсан айында тәрбиеленушілердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында әңгімелеу. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты іс-шара өтті.