Облыстық жасөспірімдер үйінде «Ризашылық» күні аталып өтті. Дәстүрлі түрде аталып өтілетін шараның негізгі мақсаты тәрбиеленушілерге қуанышты отбасылық мереке сыйлау. Бір-бірін жүрек жылуымен бөлейтін мереке біздің елдің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 2009 жылдан бері аталып келеді.


Облыстық жасөспірімдер үйінің директоры Рүстем Қалмұхамбетұлы: «Біз бұл күні тәуелсіздікті сыйлаған алдыңғы толқын ағаларымызға, бірлікті ту еткен Елбасымызға, балаларға қамқорлық көрсететін жомарт жандарға ризашылығымызды білдіреміз. Онсызда тағдыр тәлкегіне түскен балаларға тек жан жылуы керек. Соны сыйлап жүрген жандарға ұжым болып ризашылығымызды білдіреміз».


Арнайы демеушілердің қолдауымен тәрбиеленушілерге дастархан жайлып, олар өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, мереке ән мен биге бөленді.