Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,  Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева 2019 жылдың 16 мамыры күнгі Жамбыл облысына іссапары барысында Тараз қаласында орналасқан 16-23 жас аралығындағы жетім және ата-ана ... 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастарға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Новосельцева Светлана Павловна Қоғамымыздың мүддесі үшін азаматтық борышын танытып, ішкі істер органдарына көрсеткен қолдауы үшін Тараз қаласы ПБ 1-ПБ бастығы полиция полковнигі  Б.Нұрсейтов Алғыс хатпен марапатады.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысы УИС департаменті және «Центр реабилитации осужденных» ФЕНИКС бірлескен қоғам арасындағы жоспарға сай мекеме тәрбиеленушілерімен жазасын өтеушілер арасында спратакиада өткізілді. Спартакиаданың мақсаты жасөспірімдерді спорттқа баулу.

Азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын құқықтық қолдау, білікті заң көмегіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және құқықтық институттарға деген сенімді нығайту мақсатында Жамбыл облысының заң консультанттары палатасының атынан төрағасы Исабеков Шамсат Жақсылықұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ атынан директоры Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы заң көмегін көрсету туралы Меморандум жасасты. Меморандумның негізгі мақсаты жасөспірімдерге заң көмегін тиімді көрсетуге ықпал ететін ақпараттық, анықтамалық және өзге де деректерді ұсыну.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік кеш өтті. Кеште мекеме ер азаматтарын мерекелік концерпен қыз келіншектер Ер азаматтарға ән арнап, би билеп, түрлі сақыналық көріністер қойып, ойындар ойнатып мерекелерімен құттықтап, өз өнерлерімен мерекелік көңіл сыйлады. Мекеменің біріккен кәсіподақ төрайымы Нұрғазиев Ермек Ұйқасұлы біршама ер азаматтарды алғыс хаттармен марапатады.