Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева 2019 жылдың 16 мамыры күнгі Жамбыл облысына іссапары барысында Тараз қаласында орналасқан 16-23 жас аралығындағы жетім және ата-ана ...
қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің түлектеріне арналған «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеме жұмысымен танысты.
Танысу жұмыстары барысында С.Айтбаева тәрбиеленушілерге арналған жатын бөлмелерді аралап, асхана, азық-түлік қоймасы, спорт залын көрді.
Сондай-ақ, мекеменің мәжіліс залында тәрбиеленушілермен кездесіп, олармен құқық бұзушылықтың алдын-алу, отбасын құру, білім алу, тұрғын үй. т.б мәселелер туралы әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында мекеме тәрбиеленушілері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар мен кеңестер берді.
Жасөспірімдер тарапынан айтылған тұрғын үй кезегі туралы түсіндіру жұмыстарын тиісті органдар қызметкерлерінің қатысуымен жүргізуді мекеме директоры Р.Қасымовқа тапсырды.
https://odu-taraz.kz/kz/zhanaly-tar/118-oblysty-zhas-spirimder-ji-kommunaldy-memlekettik-mekemesinde-bolyp-mekeme-zh-mysymen-tanysty-2.html#sigFreeId3431eefab4