Жаңалықтар

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты Облыстық жасөспірімдер үйінің қыз-келіншектеріне арнап ер азаматтар мерекелерімен құттықтады. Мекеме директоры Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы мерекелерімен құттықтап, сіңірген еңбектері үшін құрмет, алғыс хаттармен марапаттады. Қыз - келіншектерге ән, күй, би, түрлі ойындамен ер азаматтар мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Қош келдің- Әз Наурыз» тақырыбында Ұлыстың Ұлы күні  22-Наурыз мерекесі аталып өтті. Мерекеде үйіміздің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері  қазақ халқының киім үлгісн киіп, мерекелік көңіл күймен шаттанып жүрді. Киіз үй тігіліп, алты бақан орнатылып, ән-күй шырқалып, мың бұралған бишілер шашу шашып,  сырттан қонақтармен көршілер келіп Наурыз тойын тойлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева 2019 жылдың 16 мамыры күнгі Жамбыл облысына іссапары барысында Тараз қаласында орналасқан 16-23 жас аралығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің түлектеріне арналған «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеме жұмысымен танысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастарға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай жастарға қолдау көрсету мақсатында Облыстық жасөспірімдер үйі әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар құқықтарын қорғау бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы, Жұмыспен қамту орталығы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары мамандарымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты жасөспірімдердің жеке бас проблемаларын шешу.

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Новосельцева Светлана Павловна Қоғамымыздың мүддесі үшін азаматтық борышын танытып, ішкі істер органдарына көрсеткен қолдауы үшін Тараз қаласы ПБ 1-ПБ бастығы полиция полковнигі  Б.Нұрсейтов Алғыс хатпен марапатады.

«Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-і құрылған сәттен бастап 400 жуық түлектер тәрбиеленген. Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні түлектермен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты аға-буын өкілдері ақыл-кеңес беріп, болашаққа бағыт бағдар беру. Өздерінің тұрып кеткен кезден қазіргі таңда қандай жақсы өзгерістер, барлық жағдайлар жасалғандығы туралы салыстыра әңгімелер, сол кездегі бастарынан өткен түрлі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Қазіргі таңда түлектеріміз отбасын құрып ,түрлі салада қызмет етіп келеді.

Ағымдағы жылдың 13 ақпан  күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Баланың құқықтарын қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен Облыстық жасөспірімдер үйінде «Жасөспірімдердің мінез-құлқы мен тәрбиесіндегі қиындықтарға тактильді әдістемені қолдану арқылы түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу» тақырыбында Облыстық оқыту семинары өтті.