Ағымдағы жылдың 13 ақпан  күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Баланың құқықтарын қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен Облыстық жасөспірімдер үйінде «Жасөспірімдердің мінез-құлқы мен тәрбиесіндегі қиындықтарға тактильді әдістемені қолдану арқылы түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу» тақырыбында Облыстық оқыту семинары өтті.


Семинарға «Өмірлік қиын жағдайға түскен балаларды қолдау орталығы», «Үміт» мектеп интернаты, «Болашақ» мектеп интернаты, №4 Арнаулы әлеуметтік орталық, «Мейірім» мектеп интернаты, Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп интернаты,Гранитагор санаториялық мектеп интернаты, психолог мамандары қатысты.


Оқыту семинары мінез-құлқында қарым-қатынасқа түсуге қиындық келтіретін сапалары бар жасөспірімдердің ортаға бейімделуін қалыптастыру мақсатыда ұйымдастырылды.