Азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын құқықтық қолдау, білікті заң көмегіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және құқықтық институттарға деген сенімді нығайту мақсатында Жамбыл облысының заң консультанттары палатасының атынан төрағасы Исабеков Шамсат Жақсылықұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ атынан директоры Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы заң көмегін көрсету туралы Меморандум жасасты. Меморандумның негізгі мақсаты жасөспірімдерге заң көмегін тиімді көрсетуге ықпал ететін ақпараттық, анықтамалық және өзге де деректерді ұсыну.