Тәрбиеленушілерге жаңа жылдық позитивті көңіл-күй сыйлау, тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Екі жұлдыз» конкурсы яғни, тәрбиеші мен тәрбиеленушілерден құралған топтар сайысы ұйымдастырылып, қорытынды нәтижелері бойынша демеушілер тарапынан берілген сый-сияпаттар (2-теледидар, 1-қысқа толқынды пеш) табыс етілді.
Аталған іс-шара барысында тәрбиеленушілерді жігерлендіру мақсатында «Ең тәртіпті бөлме», «Ең ұқыпты және таза бөлме», «Ең жақсы безендірілген бөлме» номинациялары белгіленіп, ерекшеленгендер бағалы сыйлықтармен марапатталды.