24.02.2020 жылы «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-нің қабырғасында әдіскер Е.Нұрғазиевтің ұйымдастыруымен «Үздік педагог 2020» педагогтар арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 9 педагог қатысып жеңімпаздар диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараға Кәсіподақтың Біріккен комитетінің төрағасы Ж.Орынбеков, мекеме директоры Р.Қасымовпен аға медбике Г.Кулумбаева төреклік етті. Сайыс кезеңдерінде латын графикасымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай тақырыптық арнайы тапсырмалар орындалды. «Үздік педагог 2020» сайысының бас жүлдесін Ж.Сарыбаева өз қанжығасына байлады.

 

«Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-нің

әдіскері, бастауыш кәсіподақ төрағасы Е.Нұрғазиев