Ағымдағы жылдың сәуір айының 19 жұлдызында мекеменің педагог-психологы Калдыбекова Динара Нурлановнаның ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі маман» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Мақсаты: Қызметкерлердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшыныстарын арттыру, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайту және өздерін өмір жолында еркін сезінуге көмектесу.

Тренинг өтілу барысында ұжым қызметкерлері көптеген эмоцияларға толы сезімдерге бөленіп, балалық шаққа саяхат жасап, білімдерін одан әрі шыңдай түсті.

Тренинг соңында әріптестер бір-бірлеріне ыстық лебіздерін білдіріп, жақсы тілектерін айтып керемет көңіл күймен қызмет орындарына тарқады. Әрбір мекемеде осындай тренинг түріндегі іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді