27 наурыз күні "Облыстық жасөспірімдер үйінде" талантты басшы, іскер ұйымдастырушы, халқына қалтқысыз еңбек еткен қоғам қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдығына орай «Дауылда туған дарын» атты тәрбие сағаты аталып өтті. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Қ.Сарымолдаев 1958 жылы 27 наурыз ақталған күнімен тұспа-тұс келгендігі және балаларымыздың өздері өсіп, тәрбиеленген балалар үйінің осы кісі атымен аталғандығының өзі жайдан-жай еместігіне көздерін жеткізді және тарих беттерінен сыр шертілді.

МАҚСАТЫ: жастарымызға патриоттық тәрбені қалыптастыру, жан-жақты болып өсулері үшін халқымыздың осындай бір туар, бірегей Ұлы тұлғасы жайлы мәлімет беру, халқы үшін жасаған еңбектерімен таныстыру, өскелең ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды ұмытпай дәріптеу.