«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» – дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де сарқылмас бұлағы. Қолөнер көркемдік мән – мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Халық өнері – халық даналығының жемісі. Әрбір адам өз бойына даналықты халықтан, ақиқатты табиғаттан, шеберлікті еңбеккерліктен сіңіреді демекші мекеменің тәрбиеленуші қыздары өз бойларына өнердің түр-түрін сіңіріп, еңбек нұсқаушысы Айгүл апайларынан қол өнер бұйымдарын жасау технологиясын жетік меңгерген!!!!