Ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Біріккен комитетінің төрағасы Орынбеков Жанболат Тұңғышбекұлының қатысуымен мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының 5 жылдық есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Кәсіподақ мүшелері комитет пен тексеру комиссиясының жұмыстарына оң баға беріп, бастауыш кәсіподақ төрағасы болып Рахманов Досбол Орынбайұлы қайта сайланды!