09 желтоқсан 2021 жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының 25 жылдығына орай Жамбыл облыстық соты төрағасының қолдауымен, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен Жамбыл облысы Судьялар Одағының ұйымдастыруымен өткен
«Біз- Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз!» атты қайырымдылық концертінде Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Ж.Саргуловпен Т.Джумагазиева өз өнерлерін паш етсе, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер колледжінің үздік түлегі, қазіргі уақытта кино индустриясына бет бұрып, актрисалық қырынан танылуды өз алдына мақсат еткен Г.Койчубаева іс-шараны жүргізіп, концерттік бағдарлама соңында «Иә, солай!» жабылу әнін жоғарғы деңгейде шырқады.