Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы "Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды "Балалар жылы" деп атауына байланысты, "Жамбылтану" ғимаратында "Балалар, аманбысың, шырақтарым" атты балалар мен жасөспірімдерге арналған мәдениет және спорт, өнер, білім-ғылым өкілдерімен рухани кездесуге мекеме тәрбиеленушілері барып қайтты.