"1 наурыз- Алғыс айту күні" мерекесіне орай "Жаныңда жүр жақсы адамдар" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып қонақ ретінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы "Облыстық аналар кеңесінің" төрайымы М.Миражанова шақырылды. Сонымен қатар Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Ізгілік" волонтёрлер клубының мүшелері келіп өз өнерлерін паш етті. Мереке соңында іс-шарамызға белсенділік танытып, ұдайы жасөспірімдер үйінің қоғамдық өміріне етене араласып жүрген тәрбиеленушілер мен қонақтарымыз алғыс хаттармен марапатталды.