• 2022 жыл "Балалар жылы" болып жариялануына орай 2022 жылдың 29 сәуір күні Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Ұлттар достығы- басты байлығымыз" тақырыбындағы фестивалі өтті. Аталмыш іс-шараға мекеме тәрбиеленушілері Д.Кенжеева, К.Возняк, Т.Джумагазиева, Т.Щевелева қатысып, алғыс хаттармен марапатталды. Ал кітапхана басшылығының жасөспірімдер үйіне қонақ кәде ретінде М.Әуезовтің "Абай жолы" туындысы сыйға тарту етілді.