Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы "Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Жамбылтану" ғимаратында "Жүз жасаған алып жырау" атты оқушылар, студенттер, оқытушылар мен жамбылтанушылар арасында рухани-танымдық семинар өтті. Аталмыш іс-шараға мекемеміздің тәрбиеленушілері Д. Кенжеева мен Т. Щевелева қатысып, дайындаған өлең шумақтарын оқып қайтты.