Бүгін мекемемізде облысымыздың мақтанышы, танымал К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының "Алатау" фольклорлық ансамбілінің "Дала думан" атты қайырымдылық концерті өтті.

Өскелең ұрпақ үшін мұндай танымдық, рухани мәні зор іс-шаралардың берері мол. Мекемемізге қазақ ауылы көшіп келгендей әсерге қалдырып, өнер иелерінің шынайы жанды дауыспен шырқаған әндері, күмбірлеген домбыра үні көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

"Балалар жылында" осындай сый жасаған "Алатау"фольклорлық ансамбіліне шығармашылық табыстар тілейміз.