Отбасы күніне орай Облыстық жасөспірімдер үйімізде түлектеріміздің қатысуымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне түлектеріміз өнегелі отбасы, екі қыздың анасы Көпбаева Балжан Жорабекқызы, кішкентай бөбегімен Тажиева Сауле және Алимбетов Саят қатысты! Кештің мақсаты: Жасөспірімдерге болашақта отбасын құру мәселелері бойынша кеңестер беріп, бағыт-бағдар көрсету және отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екендігін ұғындыру!!!