• 22 қыркүйек "Тіл мерекесі" күніне орай "Тілі басқа- тілегі бір, Жүзі басқа жүрегі бір" тақырыбында Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы оқырмандарымен бірлесе отыра викториналық кеш ұйымдастырылды. Мұнда тәрбиеленушілерге "тіл" тақырыбы төңірегінде қазақи мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтылып, қазақтың біртуар ағартушыларының тіл тақырыбы аясындағы философиялық көзқарастары таныстырылды. Аталмыш іс-шараға қатысқан өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгергендіктерін дәлелдеді. Тәрбиеленушілеріміз Т.Шевелева, В.Шестопалов, Т.Әлімбек қазақ тілінде өлең жолдарын оқыды!!!!