Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, қазан айының 03-жұлдызында аяулы ұстаздардың мерекесіне орай мекемемізде «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді!!!
Іс-шара барысында мекемеміздің директоры Қайыпчаев Бекбол Сұраншыұлы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, «AMANAT» партиясының, «QOLDAU» және «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестіктерінің алғыс хат, грамота, дипломдарымен марапаттады!!!
https://odu-taraz.kz/kz/zhanaly-tar/205-staz-aty-biik-ri-m-gilik-ta-yrybynda-merekelik-is-shara-tkizildi.html#sigFreeId4880b92202