25 қазан-мәртебеге ие болған, тарихи маңызы зор ерекше күн. Дәл осы күні еліміз егеменді, тәуелсіз, зайырлы, азат ел болып жарияланды. Ол декларация 1990 жылы 25 қазанда жарияланып, дербес Қазақстан Республикасы ресми түрде өмірге келді.

13 жылдай ескерусіз қалғанымен, Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың арқасында мемлекеттік мерекелер қатарына қайта қосылып, мәртебеміз өсіп отыр. Бұл күнді ұмытпау, ұлықтау керек. Атаулы мереке қарсаңында мекемемізде “Жаса Қазақстан!" атты мерекелік концерт жоғарғы деңгейде аталып өтті.