Ағымдағы жылдың 20-қаңтары күні мекемеміздің спорт нұсқаушысы Дастан Рысмұратұлының ұйымдастыруымен «Бокс» спорт түрінен ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2022 жылдың Азия чемпионы және жерлесіміз Асыланбек Әбдікәрімұлы Шымбергеновпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Асыланбек Шымбергенов бокс спорт түрінің қыр-сырларымен бөлісіп, адам баласының спорт жолында кездесетін көптеген қиындықтар мен кедергілерге төзе білуінің арқасында жетістікке жететіндігін айтып түсіндірді.
Мекеме тәрбиеленушілері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, спортқа деген қызығушылықтары мен көзқарастары біршама өзгерді. Кездесу соңында спортшы тәрбиеленушілерге өзінің алып келген тәттілерін үйлестіріп, балалардың болашақтарына сенім білдіре келе, алдағы өмірлеріне саттілік тілеп, естелікке суретке түсті!!
https://odu-taraz.kz/kz/zhanaly-tar/200-2022-zhyldy-aziya-chempiony-zh-ne-zherlesimiz-asylanbek-bdik-rim-ly-shymbergenovpen-kezdesu-tkizild.html#sigFreeIdb6768cf87e