2023 жылдың 25-қаңтары күні «Облыстық жасөспірімдер үйінің» 2022-2023 оқу жылына арналған тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық профилактикасы бағытында
«Жастар арасында қылмыстың алдын-алу, қылмыс түрлері және жауапкершілік» тақырыбы бойынша Тараз қаласы ПБ 1-ПБ қызметкерлерінің атап айтқанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы Баян Зәбір Тасболатқызы, полиция аға лейтенанты Манас Надырбекұлы және полиция лейтенанты Нуркен Адилхановтың қатысуымен кездесу өткізілді.