"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде"-деген қазақ халқының дана қағидасын ұстанып Облыстық жасөспірімдер үйінің қызметкерлері бүгін COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күресу мақсатында арнайы медицина мамандарын шақыра отырып екпе алды. Медицина қызметкерлері вакцинаны салмас бұрын барлық ережелермен таныстырып, тексеру жұмыстарын жүргізді.