"Алғыс" қашанда адам баласының бір-біріне деген білдіретін ең жоғарғы ықыласы. 1 Наурыз елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында "Алғыс айту" күні болып белгіленіп содан бері жыл сайын аталып өтуде. Осы ретте Жасөспірімдер үйінің ұжымы да дәстүрге сай жасөпірімдерімізге рухани және материалдық қолдау көрсетіп, көмектерін білдіріп жүрген демеушілерімізге алғыс айту мақсатында "Ризашылық- мейірімділік бұлағы" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекеге Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Амреев Бахтияр Амантайұлы, "Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері" ҚБ-нің төрағасы Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Арын Маржан Сейлханқызы қонақ етіп шақырылды.