Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,
Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

 

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай Облыстық жасөспірімдер үйінде «Тілім барда айтылар сыр ойдағы...» тақырыбында өткен  тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұрасы екендігін тәрбиеленушілер бойына сіңірілді.

 

Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген.

 

Тәрбие сағатының ерекшелігі мекеменің өзге ұлт тәрбиеленушілері түрлі ақындардың өліңдерін мемлекеттік тілімізде, қазақ тілінде оқыды. Атап айтсақ, Земницкая Инна, Джумагазиева Татьяна, Плотникова Виктория, Овчинникова Александра, Саргулов Жалғас тақырыпқа сай өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіріп, жатқа айтып шықты.

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін асқақтатуымыз қажет деп білемін.