Елбасының тапсырмасына сәйкес отбасылық орналастыру формасын қолдануды кеңейту бойынша құқықтық механизмдерді қалыптастыру жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген жандарға арналып Қазақстан Республикасында  2011 жылдың 29 қазан айынан бастап  «Қамқоршы күнін» мерекелеу дәстүрге айналды.

 

Айтулы мерекеге орай Облыстық жасөспірімдер үйіндегі «Отаным қамқоршым!» атты Қамқоршылар күніне арналған іс- шара өтті. Іс шараның мақсаты тәрбиеленушілердің санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.