"Абайды оқы таңырқа"- демекші бүгін 10 тамыз "Абай" күніне арналған әдеби-сазды өлеңдер, әндер жасөспірімдер үйінде оқылды.

Абай шығармашылығы- адамзат мәдениетінің рухани асыл қазынасына қосылған асыл мұра. Оның философиялық тереңдігімен, көркемдік, эстетикалық қуатымен, мағыналық салмағымен, ғибраттық тағлымдық мәнімен ерекшеленетін ойлы сөздері халық жүрегіне жол тапқаны мәлім. Бүгін және болашақта жасөспірімдерімізге Абай Құнанбайұлының еңбектерінің тәрбиелік құндылығы мол асыл қазына болып қала бермек.