Саяси қуғын-сүргін елімізде 1928 жылы "Алаш" қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылып, олар түрлі мерзімге қараңғы қапасқа қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылып, кейіннен «халық жаулары», «ұлтшылдар», «исламшылар», «түркішілдер», «жапония тыңшылары» және т.б. желеулермен қазақтың бас көтерген зиялыларынан бастап, қарапайым еңбек адамдары да жазықсыз саясаттың құрбандығына шалынды. Осы орайда жыл сайын саяси қуғын сүргін құрбандарын еске мақсатында жасөспірімдеріміз гүл шоқтарын қойып қайтты.