Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мереке ғана емес, балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мереке. Балаларды қорғау күні тек мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Осы орайда мекеме жеткіншектеріміздің көңіл-күйін жақсартып, қуаныш сыйлау мақсатында көгалды алқап, сулы мекенге табиғат аясына демалыс күні ұйымдастырылды. Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ!