Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені, бүгінімен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.

Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің айғағы ретінде Жасөспірімдер үйінің ұжымы да Мемлекеттік Әнұран орындады.