Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Рухани жаңғыру " бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасы және "2021 жыл- Балалардың кітап оқуын қолдау жылы" аясында 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Үш тұғырлы тіл" әдеби лото ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеме тәрбиеленушілері қатысып, өз білімдерін сынға салды. Осы ретте белсенді қатысқан жасөспірімдер арнайы алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.