Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Сол дәстүрді әрі қарай жалғастырып Жасөспірімдер үйінің де ұжымы атап өтті.