Наурыздың 13-нен 14-не қараған түнде Ай мен Амал жұлдызы бір сызықтың бойында теңеседі екен. Бұны халқымыз Ай мен Амалдың көрісуі деп атаған. Соған байланысты Амал мерекесі, көрісу дәстүрі шыққан. Бұл ғылыми дәлелденген.

Бүгінгі қазақтың керемет салт-дәстүрі "Көрісу" күні құтты болсын. Жылдан аман шығып, бір-біріне құшақ жайып, кеуде тосатын күн. Осындай күнге жылда аман-есен жетейік! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Ақ мол болып ырыс-береке, тыныштық әкелсін жылымыз!