Қоғамымызда "қыз" тәрбиесі қай уақытта алсақта өзекті мәселелердің біріне арналғаны бәрімізге белгілі. Сол себепті мекемеміздің қыз тәрбиеленушілерінің бойларына сыпайылық, инабаттылық, адамгершілік, жалпы қыз баласына тәр сапаларды қалыптастыру мақсатында Тараз қаласының ішкі саясат бөлімінің "Елу жылда- ел жаңа" ҚБ-нің басшысы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы, Тараз Өңірлік университетінің "Экономика және құқық" факультетінің аға оқытушысы, PhD докторы Жантаева Ардақ Мықтыбекқызы, "Тілдерді оқыту орталығы" МКҚК-нің бас есепшісі Кадирова Салтанат Арипжановна ханымдармен тәлімдік мәні бар кездесу ұйымдастырылды. Өмірлік тәжірибесі мол ханымдар мекеменің қыздарына өмірлік мәнге ие сұхбат жүргізді.