16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл толды. Осы орайда жасөспірімдер үйінде айтулы датаға сәйкес "Желтоқсан жаңғырығы - Тәуелсіздік" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында патриоттық рухты көтеретін әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Тәуелсіздіктің тарихы туралы бүгінгі жастарымызға көптеген мағлұматтар берілді. Сонымен қатар мереке қарсаңында мекеменің бірқатар қызметкерлері Облыстық білім басқармасының "Құрмет грамотасы" және "Алғыс хат" марапаттау қағаздарымен марапатталды.