Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи даму жолындағы ең маңызды оқиға — еліміздің ғасырлар тоғысында, яғни ХХ ғасыр табалдырығында тәуелсіздікке қол жеткізуі. Халқымыздың ешкімге бағынышты болмай, дербес мемлекет болу жолында Алаштың талай арыстары жанын қиды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы талассыз беделі талайлардың таңданысын тудырары анық. Осы орайда «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде «Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігі тарих толқынында» тақырыбында қалалық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. Ұйымдастырылған конференцияның негізгі мақсаты Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы күресінде тарихи оқиғаларды зерттеп, саяси-құқықтық ізденістерімен қазақ елінің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесін насихаттау болатын.

Ғылыми-теориялық конференция 3 бағытта жүргізілді:

  1. Желтоқсан оқиғасы- егемендіктің бастауы.
  2. Тәуелсіздік тағылымы.
  3. ҚР Конститутциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу.

Жасөспірімдерді тәрбиелеуден жалықпайтын Облыстық жасөспірімдер үйінің педагогтары өз кезегінде жасөспірімдерді додаға қосты. Атап айтсақ, тәрбиеленуші Д.Талиповты жетекшісі Қ.Шарбадаров, Т.Джумагазиеваны жетекшісі Э.Нуримбетова, А.Аверинаны жетекшісі А.Медеева, М.Мирчукты жетекшісі У.Ибашева.

Өте зерек, педагогтарымызбен, білікті әдіскер Е.Ұ. Нұрғазиевтың жетекшілігімен және тәрбиеленушілердің ерең еңбектернің арқасында ғылыми-теориялық конференцияда жүлделі орындарға ие болды. Өзге ұлттың балалары қазақ тілінде баяндамаларын нақышына келтіріп баяндап бергендері әділ қазылар алқасын да бей жай қалдырмады. Жасалған дүниенің еңбекпен келетінін, оны нақышына келтіріп жеткізе білу ол да өнер екендігін жете түсінетін әділқазылар алқасы, Д.Талиповты жетекшісімен бірге І дәрежелі дипломмен, Т.Джумагазиеваны жетекшісімен бірге ІІІ дәрежелі дипломмен және де А.Аверинаны жетекшесімен, М.Мирчукты жетекшісімен бірге алғыс хаттармен марапаттады.

Білім деңгейі таразыға тартылғандағы әрбір тәрбиеленушілердің жетістіктері барша ұжымның жетістігі деп білеміз. Әрбір жетістік педагогқа қайтарылған өнім.