Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы Президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы елеулі жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.Осы орайда мекемемізде Елбасының қазақ халқына сіңірген елеулі еңбегін баяндау, сындарды саясатын түсіндіру бағытында ашық тәрбие сағаты өткізілді.