Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «2020 жыл - Еріктілер жылына» орай «Мейірімді жүрек – жылы тілек» «Кітапханадағы көңілді кеш - 2020» квест шоуы Облыстық жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті.
Квест-шоуға келген қонақтар мен қатысушыларды «Jalyndy Jas-STAR» клуб мүшелері флешмоб биімен қарсы алды.
«Білім орталығында» балалар үйінің жас тәрбиеленушілері «Ғажайып алаң» ойынына қатысты. «Алғырлар» мен «Білгірлер» топтарына бөлінген қатысушылар әдеби викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Қонақтар «Биле бізбен! Биле бірге! Бізден жақсы биле!» битбокст алаңында тик-ток дискокешіне қатысты.
Абонемент бөлімінде квест-шоу 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап арқылы тапсырманы орындау; берілген әріптермен жұмбақтардың жауаптарын мақал-мәтелдерді жалғастыру, ақын-жазушылардың өлеңдерін құрастыру, «Фобия» және «Тікенек жіп» ойындарға қатысу. Әр тапсырманы дұрыс орындаған қатысушылар жүлделерін алып мәреге жетті.
Кеш соңында қатысушылар «Бауырсақ пати» ойынына қатысып, өздерінің шапшандылығы мен тапқырлығын шыңдады.
Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиенушілері өздерінің орындауында ән айтып, би билеп, шығармашылық концертін ұсынды.
Квест-шоуға келген Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне кітапхана атынан «Абай жолы» төрт томдығы сыйға тартылып, ең белсенді қатысушыларға кәде-сыйлар берілді.