Бүгін мекемемізде «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақала аясында «Алтын шашқан күз сыйы» атты тәрбиеленушілер арасында байқау ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада тәрбиеленушілер белсене қатысып, білімдерін сынап, өз өнерлерін паш етті. Бұл байқауды өткізудің мақсаты тәрбиеленушілердің көркем-эстетикалық талғамын қалыптастыру, әдемелікке баулу, табиғат сұлулығын дәріптеуге үйрету. Байқауға тәрбиеленуші Ж.Сарғұлов, Т.Джумагазиева, Д.Талипов, А.Дорохова, Г.Возняк, И.Земницкаялар қатысты. Байқау шарттары бойынша өнерлі жұптар «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін», «Сән үлгісі», «Мерекелік дастархан мәзірі» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Әділ қазылар алқасы құрамында Тараз политехникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Дюсембаева Гульмира Болатовна төрелік етті. Қатысушылар 3 кезең бойынша сынақтан өтті. Алғашқы «Таныстыру» кезеңі қорытындысы бойынша ерекшелігімен көзге түскен 1-ші жұп Ж.Сарғұловпен Т.Джумагазиева жақсы өнер көрсетті. «Өнерің өрге жүзсін» кезеңінде 2-жұп Д.Талиповпен А.Дорохова флешмоб форматындағы биін өз топтарымен қосылып орындады. «Сән үлгісі» кезеңінде үш жұп та жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Мерекелік дастархан мәзірі кезеңінде мерекелік күзгі салаттар әзірленіп, үш жұп та жоғарғы деңгейде бағаланды. Сондай–ақ, сайысқа қатысушы Д.Талиповпен Т. Джумагазиевалар өзге ұлт өкілдері бола тұрса да, мемлекеттік тілде жетік те, еркін меңгергендіктерін байқатты. Байқау жеңімпаздары «Үйлесімді жұп», «Сәнді жұп», «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша лайықты бағаланып, сыйлықтар мен мадақтау қағаздарымен марапатталды.