Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай еліміздің басты ресурсы ол —адам. Ал адам құқығы негізгі қорғау табуы қажетті аспектінің бірі. Әсіресе жетім және ата—анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің құқықтары ерекше орын алады. Осы орайда Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды мекеме тәрбиеленушілеріне түсіндіру және талқылау жүргізу мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КеАҚ—ның Жамбыл облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөлімі басшысының орынбасары Мамбетов Жәңгірхан Тұрғынұлымен кездесу өткізілді.