Қарттарға қамқорлық қазақ халқының санасына терең сіңген қасиет. Ардагерлер еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр—қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне арнады. Кейінгі буында өз кезегінде аллыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасы аясында саналы ғұмырларын Отан деп, ерен еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесіне орай Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің мүшелерінің қатысуымен "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" кездесу кешіне мекеменің тәрбиеленушілерінен құрылған ертіктілер тобы барып өз өнерлерін паш етіп қайтты.