ҚР Президенті Қасым—Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс—қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында жастарды кәсіпкерлікке баули отырып, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіпқой менторы Қ.Е.Райкуловтың жетекшілігімен өткен семинар—тренинг ұйымдастырылды. Нәтижесінде тәрбиеленушілер бизнесті бастау, жүргізу, дамытудың қыр—сырларын меңгерді. Семинар соңында барлық қатысушы жасөспірімдер сертификаттармен марапатталды.