"Тілім барда айтылар сыр ойдағы... " тақырыбында бүгін еліміздің болашағы жасөспірімдерге Қазақстан Республикасы халықтары тілдері мерекесіне орай іс—шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жұмыс барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, оның ұлттық деңгейде алатын орнымен өзектілігі, алдағы уақытта маңыздылығын арттыру жолдары туралы ақпарат беріліп, ой қозғалды. Тәрбиелік мәні бар, еліміздегі қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталған бұл іс—шара алдағы уақытта да өз жалғасын түрлі форматтарда жалғасын таппақ.