Бүгін мекемеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда отбасы күнін мерекелеу шеңберінде "Отбасы — бақыт мекені" атты республикалық апталықта жетім және ата—анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мекеменің отбасын құрған түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс—шараға мекеменің түлектері Б.Көпбаева, И.Кемелова, Г.Бижанова, Б.Ли, А.Бижановалар қонақ ретінде қатысып, жасөспірімдермен отбасы құндылықтары жайлы кеңестерімен бөлісті.